Ұлт болашағы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды – заманауи инновациямен ұштастыру керек. Бұл турасында «Адал азамат: құндылық, инновация, тәжірибе» форумда айтылды. 150-ге жуық маман қатысқан алқалы жиында білім саласындағы өзекті мәселелер мен өскелең ұрпақты тәрбиелеу бағытындағы өңірлік тәжірибелер жан-жақты талқыланды.