Қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі – әйгілі композитор Әбілахат Еспаевтың туғанына 100 жыл толуына орай Таразда ән кеші өтті. Кеште К.Әзірбаев атындағы облыстық филармония жанындағы «Алатау» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен композитордың мәңгілік әуендері орындалып, көрермендерді рухани сезімге бөледі.