Мойынқұм ауданында жастардың саяси белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара өтті. Аудандық мәдениет үйінде «Жас сайлаушылар клубының алғашқы форумы» ұйымдастырылып, оған өңірдің белсенді жастары мен мамандар қатысты.