Таразда белгілі әнші Досымжан Таңатаровтың ән кеші өтті. Концертке әншінің өзімен үзеңгілес жүоген көптеген әншілер де қатысты. Қашан да қоңыр даусымен ортаны баураған әншіні жамбылдықтар қошеметпен қарсы алып, құлақтың құрышын қандырар қазақи әндерін ұйып тыңдады. Шырқалған әннің ырғағына билеп, қосыла ән шырқады.