Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұловпен кездесті. Мәртебелі мейманға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді одан әрі жаңғыртуға бағытталған жаңа бастамалары жайлы айтылды. Қырғызстан елінің өкілі мәдениет және білім саласындағы жобалар туралы айтты. Кездесуде тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және шығармашылық бағыттағы бастамаларды қолдауға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар Ерлан Қарин мен Марат Иманқұлов, Ұлттық орталық музейге барды және Тоқтағұл Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясының әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов повесінің желісімен қойған «Жәмилә» мюзиклін тамашалады.