Тараздағы – «Астана» тәуелсіздік туындысы. 12 – шағын аудан ел еңсе тіктеп келе жатқан егемендік жылдарында Таразда алғашқы салынған – тұрғын үй алқабы. Елорданың Алматыдан – Арқаға ауысуына орай – Астана – деп ат берілді. Жылдар өте мұнда сәулеті мен келбеті жарасқан заманауи ғимараттар бой көтерді. Халық үшін барлық жағдай жасалды.