Жамбыл облыстық мәслихатында кезектен тыс жиырма сегізінші сессия өтті. Онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Отырысқа мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, депутаттар, басқарма басшылары және бақылаушы органдардың өкілдері қатысты. Сессияда бюджет, табиғи ресурстарды пайдалану және тексеру комиссиясына қатысты бірнеше маңызды мәселе қаралды.