Малшының мәртебесін көтеру керек. Жыл он екі ай тынымсыз тірлік ететін, машақаты мол мамандыққа қазір ешкімнің құлқы жоқ. Сондықтан бұл мәселеге мемлекет тарапынан да жан-жақты қолдау болуы тиіс. Өңірлік «Аманат» партиясы жанындағы «Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық секторды дамыту» жөніндегі аймақтың кеңес отырысында халық қалаулылары көтерді мұны. Жиында жауаптылар төрт түліктің қыстаудағы жайымен де таныстырып есеп берді.