Жамбылда жыл басынан бері «Таза бейсенбі» акциясына аймақтық «Amanat» партиясының 3 мыңға жуық мүшесі қатысты. Олар 100 тоннаға жуық қоқыс жинап, 2 мыңнан астам ағаш отырғызды.

Экологиялық шара облыстың 10 ауданында тұрақты түрде өтіп келеді. Бүгін де тазалық жұмысы Тараздағы «Ұлы дала» шағын ауданында жалғасты. Партия белсенділері шаһар шетіндегі жер телімдері мен жол жиегін тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Өйткені алда аталған аумақта жаңа үйлердің құрылысы жүргізіледі. Алайда кезінде жергілікті тұрғындар арық, атыздар бойына қоқыс қалдықтарын төгіп тастаған. Аманаттықтар бір гектар аумақтан 2 тоннаға жуық қоқыс жинады.