Облыс орталығындағы «Астана» шағын ауданының келбеті жаңарды. Төле би көшесі бойында орналасқан көпқабатты үйлердің қабырғаларына жаңа муралдар салынып, шаһардың ажарын аша түсті. Бұл туындыларда Есіл өзені жағасындағы заманауи ғимараттар бейнеленген. Муралдардың авторы Сарысу ауданының тумасы- сурешті Абылайхан Шораев.