Зерделей білсек, қазақ халқының ұлттық ойындары жетіп артылады. Олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері де бар. Солардың бірі тоғызқұмалақ ойыны. Археолог-ғалымдардың пайымдауынша, оның пайда болу мерзімі төрт мың жыл шамасын қамтиды екен.

9 – қыркүйек Елімізде тоғызқұмал күні болып саналады. Осыған орай Таразда қалалық турнир өтіп, үздіктер анықталды.