Бүгінгі өркениет өлшемі – ғылым мен білімнің даму көрсеткішіне байланысты. Қазір елімізде жаһандық көштен қалмас үшін ғылымды дамытуға баса назар аударылып отыр. Мемлекет басшысының қолдауымен соңғы жылдары бірқатар өзгерістер орын алды. Атап айтсақ, ғалымдардың жалақысы, жас ғалымдарды қолдау шаралары көбейді, сондай-ақ бұл саланы дамытуға бөлінетін қаражат көлемі де артты.