Қазақстанда ғылым саласындағы жастардың үлесі айтарлықтай өсіп отыр. Көрсеткіш 50 пайызға жетеғабыл. Бұл қатарда жамбылдық өрендердің де бар екендігі қуантады. Білім көрсеткіші жағынан алдыңғы қатардағы Әуиеата өңірі қазір ғылыми жетістіктерімен де топ жарып жүр Сәйкесінше, оларды қолдап, демеу көрсетуге барынша жағдай жасалып та жатыр. Осының нәтижесінде жастардың ғылымға деген қызығушылығы мен талпынысы артып келеді.