«Ақшағала» республикалық бишілер байқауының облыстық кезеңі мәреге жетті. Оған аудандардан және Тараз қаласынан 88 биші қатысып, бақ сынады. Қазылар алқасының шешімімен ең үздік деп танылған би ұжымы Республикалық конкурстың финалына жолдама алды.