Қазақстанда 90 млн гектардан астам жер эрозияға ұшыраған. Яғни, топырақтың құнарлылығы төмендеп кеткен. Бұл ауыл шаруашылығы үшін өзекті проблемалардың бірі болып отыр. Сондықтан алдағы жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі 30 млн гектар жерді құнарландырмақ. Бұл туралы бүгін Сенат қабырғасында өткен Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның кезекті отырысында айтылды.