Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Осыған орай техникалық кәсіптік білім беру жүйесін реформалау мақсатында нақты тапсырма берілді. Арнайы жоспар бекітіліп, 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды. Әр өңірдің ерекшеліктері ескеріліп, еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандары даярланады.

Әулиета өңірі өндірісіті өлке болғандықтан техникалық маман иелері еңбек нарығында сұранысқа ие.Колледждер аймақтағы ірі кәсіпорындармен меморандумға отырған. Алдағы уақытта бұл әріптестік нығая түседі деген сенім мол.