Театр көпшіліктің жұмысын бір сахнада тоғыстыратын ұжымдық өнер. Әртіс, режиссерлерден бөлек, көрерменнің көңілінен шығуы үшін қаншама адам еңбек етеді. Солардың бірі - спектакльге ерекше әр беретін реквизитор маманы. Қойылымға өзінше әр беріп, әдемі атмосфераны қалыптастырады.