Парламент депутаттарының аймақтарға сапары жалғасуда. Олар ауыл аймақты жағалап, түрлі нысандарды аралап, өңір тынысын саралап жүр.
Сенатор Сәкен Арубаев та Жуалы және Жамбыл ауданына ат басын бұрды. Бірқатар құрылыс нысандарындағы жұмысты көзбен көрген ол, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына да көңіл бөлді.