Таразда “ALASHPROM” атты зауыт ашылды. Автоклавтық газоблок шығаратын өндірістің қуаттылығы жылына 50 мың текше метрді құрайды.

Әртүрлі өлшемдегі автоклавты газоблок, құрамы күшейтілген желім, қарапайым желім, сылақ секілді құрғақ құрылыс қоспаларын шығарады. Жобаны жүзеге асыруға 1,6 млрд. теңге жұмсалған.