Нағыз ұлт мүддесін көздеген ақпарат құралы елдің береке бірлігін нығайту үшін жұмыс істеуі керек. Журналистиканың қоғамдағы рөліне ерекше тоқталған президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін осылай деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары бірнеше заң жобасы қолға алынып, қоғам үшін маңызды шешімдер қабылданғанын тілге тиек етті. Президенттің пікірінше, елімізді түбегейлі жаңғырту үшін заңнамалық өзгерістермен, саяси және экономикалық реформалармен ғана шектелу аздық етеді. Прогрессивті ұлт ретінде қоғамдық және жеке құндылықтар жүйесін жаңарту үшін көп тер төгуіміз керек.