Тараз – қолөнершілер қаласы. Жамбылдықтар жуырда ғана берілген осы атақты тағы да дәлелдеп жатыр. Бүгін шаһарда «Анаға тағзым» орталығының қолдауымен осымен екінші рет «Ақ отау» этнофестивалі ұйымдастырылды.

Ағаштан түйін түйген, жүннен киім киген, он саусағынан өнер тамған шеберлер өз бұйымдарын көрмеге шығарды.