Таразда жолдар жөнделуде. Бұл қазынадан бөлінген млрдтардың арқасы. Бірақ, тендерде теңге ұтқан мердігерлер тіптен асықпайды. Қағаздағы келісімге сүйенеді. Ал, селкілдеген жүргізушілер сергелдеңге түсуде.

Мәселен, Жамбыл даңғылында шамалы ғана ғана бөліктің жөнделіп жатқанына біраз уақыт болған. Қозғалысы көп аумақтағы құрылыс әзір аяқталмайтын секілді.