Асыл тұқымды мал басын көбейту үшін аймақта қолдан ұрықтандыру жұмыстары жүйелі жүргізілмек. Бұл бағытта облыста 100 млн теңге бөлініп отыр.

Бұл орайда Жамбыл ауданында республикалық семинар өтті. «Ауыл аманаты» жобасын жемісті жүргізу үшін де мал басын асылдандырудың маңызы зор дейді мамандар.