Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Байзақ ауданы Талас ауылында орналасқан «Қостөбе-2019» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің тынысымен танысты. Президентке Әулиеата өңірінде табысты бастау алып, енді Республика көлемінде жүзеге асқалы отырған пилоттық жобаның барысы баяндалды. Сондай-ақ облыстағы жайылымдық жерлердің көлемін ұлғайту, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану бойынша атқарылған жұмыстар да айтылды.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Мырзатай ауылындағы құс фабрикасының жұмысымен де танысты. Өндіріс орнындағы цехтарды аралап көрген президент ауыл шаруашылығын дамыту үшін кешенді қолдау шаралары жалғасатынын атап өтті.