Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы дейді. Ендеше, жас буынға сапалы білім берумен қатар, тәрбие мәселесі де назардан тыс қалмауы тиіс. Осыған орай, бүгін Меркі ауданында «Бала тәрбиесі – ортақ мүдде» тақырыбында аудандық ата-аналар форумы өтті. Жиында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің тәрбиесіне байланысты ата-аналарға ортақ мәселелер талқыланды.