Былтыр өңірдің ішкі саясат саласына бөлінген 1 млрд. 553 млн теңге толығымен игерілді. Осы қаражат есебінен облыста түрлі бағытта қоғамдық-саяси іс-шаралар ұйымдастырылып, мемлекеттік –әлеуметтік тапсырыстар орындалған. Биыл да бұл бағыттағы жоспарлы жұмыстардың жалғасатынын айтқан басқарма басшысы қоғамдық келісім мекемесі қызметкерлерінің айлық жалақысы өсетінін де жеткізді.