Қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай «Ғашықпын! Шын ғашықпын сол адамға!» атты әдеби әуенді кеш өтті.

Кештің мақсаты- ақынның бай рухани мұрасын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау, поэзия арқылы көрерменнің жүрегіне жол табу. Мұқағали жырларындағы махаббат, өмір, адамгершілік, отансүйгіштік тақырыптарын терең таныту. Әдеби кеш ақынның жүрек тербер өлең жолдарымен ашылып, әуен мен поэзия үйлесім тапқан әсерлі сәттерге ұласты.