Мемлекет басшысы атап өткен «Заң мен тәртіп» қағидасы Жамбыл облысында қарқынды жүзеге асырылуда. Өңірде «Мигрант» арнайы операциясының аралық қорытындысы шығарылды. Небәрі 72 сағаттық күшейтілген режим ішінде мобильді топтар шамамен 150 құқық бұзушылықты анықтады. Құқық қорғаушылар базарлар мен құрылыс нысандарын, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен қосалқы шаруашылықтарды, сондай-ақ шетелдіктер шоғырланып тұратын және еңбек ететін басқа да орындарды тексеріп жатыр.