Казгидрометтің мәліметі бойынша ақпан айының бірінші онкүндігінде облыс аумағында сыртқы ауа температурасы қалыпты жағдайда болмақ.Түнде -4С, күндіз +7С дейін болжанып отыр.

Дегенмен, барлық аудандар мен отын-энергетика кешендері бірінші кезекте тіршілікті қамтамасыз ететін объектілерді дайындыққа келтіруі тиіс. Ал тәуліктік кезекшілік ұйымдастыру, қажетті қуаттағы дизельдік генераторлармен қамту, резервтік отын қорын жасақтау қатаң бақылауда. Бірақ қыс мезгілінің бітуіне әлі бір ай бар. Өңірде жылыту маусымы қалай өтіп жатыр? Жылу қазандықтарының ахуалы қандай? Бұл туралы аппараттық кеңесте айтылды.