Конституцияға енгізілетін өзгерістерді жамбылдық зиялы қауым өкілдері де қолдады.Бүгін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданына арнайы жұмыс сапарымен барып, жаңа жобада қарастырылған заңдар мен өзгерістерді баяндады. Өз кезегінде аудан ақсақалдары да бұл бастаманы қолдап, бір ауыздан ат салысуға шақырды.