Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің мүшелерімен кездесті. Басқосуда Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасындағы негізгі жаңашылдықтар мен өзгерістер талқылады.
Кездесу барысында Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды саяси және қоғамдық реформалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтіп, сол өзгерістердің өзегі – Конституциялық реформа екенін айтты. Оның пікірінше, жаңа Конституция жобасы ел дамуына тың серпін беріп, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.