Қазақстан журналистер одағының қатары өңірлік журналистермен толықты. Бұл жолы «Жамбыл» теларнасының редактор-жүргізушілері Қанат Күзберген мен Назерке Тазабаева да аталмыш шығармашылық ұйымның мүшелігіне қабылданды.
Салтанатты шара барысында аймақтық журналистиканың дамуына үлес қосып жүрген қалам иелеріне Қазақстан Журналистер одағының мүшелік билеттері табысталды. Қабылданған журналистердің еңбегі кәсіби шеберлік пен көркем ойды ұштастыра білгені үшін жоғары бағаланды.