Тараз қаласында есірткі қылмысына қарсы операция барысында қарасораны заңсыз өсіру дерегі әшкереленді. Полиция мен ұлттық қауіпсіздік қызметі бірлесіп жүргізген тінту кезінде екі бірдей үйден арнайы жабдықталған жылыжайлар анықталып, ондаған түп қарасора тәркіленді.