Өңірде православие мерекесін атап өту кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар күшейтілді. Жамбылдық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дәстүрлі шомылуда азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеді. Оған жеке құрамның 74 маманы және 25 арнайы техника жұмылдырылды.