Мал індеттерінің алдын алу жұмыстары жүргізілуде
2025 жылы Талас аудандық ветеринария бөлімі ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыстар атқарды. Жыл басынан бері 12 түрлі жұқпалы ауруға қарсы профилактикалық екпелер салынып, диагностикалық зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде эпизоотиялық жағдай тұрақты сақталуда.