Өңірде бизнес субъектілеріне арналған «Халық бухгалтері» акциясы басталды. Науқан жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес өкілдеріне тегін кеңес беруге бағытталған. Жалпы Республикалық акция Мемлекеттік кірістер органдарының бақылау моделінен сервистік сүйемелдеу форматына көшіру аясында іске асырылып отыр.