Бала тәрбиесінде әкенің ролі өзгелерден ерек. Әке ұлағаты – тәрбиенің алтын діңгегі. Сондықтан, қазіргі қоғамда отбасылық құндылықтарды сақтау мен өзара қарым-қатынасты нығайтуда әкелер қауымының жауапкершілігі маңызды.

Өмірбек Жолдасбеков атындағы №50 орта мектеп ұжымы осы өзекті мәселені терең ұғындыру мақсатында әкелерді құрылтайға шақырды. Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылған маңызды іс-шарада ер азаматтар өз балаларының өнерін тамашалап, әке жолын қуған ұрпақтың ісмерлігіне куә болды.