Бүгін Таразда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, еліміздің еңбек сіңірген сәулетшісі, Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбековты еске алу рәсімі өтті. Шаһар тұрғындары мен зиялы қауым дара тұлғаның бюстіне гүл шоқтарын қойып, оның ел тарихындағы айрықша орнына тағзым етті.