Елімізде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық акциясы өтуде. Бұл бастама жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтеді. Таразда осы науқан аясында арнайы кездесулер ұйымдастырылды.

«Анаға тағзым» отбасын дамыту орталығында «Сен жалғыз емессің!» атты дөңгелек үстел өтті. Жиын тұрмыстық зорлықтың алдын алу жолдарын талқылауға арналды.