Бүгін Таразда даңқты қолбасшысы, Халық батыры Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл –шоқтарын қою рәсімі өтті. Шараға облыстық әкімдік өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, әскери қызметкерлер мен белсенді жастар қатысты.

Гүл шоқтарын қою рәсімі барысында қатысушылар батырдың рухына тағзым етіп, оның ерліктері мен елге сіңірген еңбегін еске алды. Ардагерлер Бауыржан Момышұлының ұрпаққа үлгі боларлық қайсарлығы мен батылдығын, отансүйгіштік қасиетін атап өтті. Шара соңында жас сарбаздар Бауыржан Момышұлының өмір жолы туралы деректермен бөлісіп, патриоттық әндер шырқады. Гүл қою рәсімі жыл сайынғы дәстүрге сай өскелең ұрпаққа батырдың ерлігін насихаттауға бағытталды