М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты, қазақтың аяулы ақыны Ғайни Әлімбекқызының “Сен берген гүл” атты әдеби-сазды поэзиялық кеші өтті. Жүрекке жұмақ сыйлайтын сазды кешке Жаңылхан Асылбекова, Мұхтар Шерім, Қайырниса Жұмашева, Әбиірбек Тінәлиев, Шырын Мамасерікова сынды танымал ақын-жазушылар мен өзге де мәдениет саласының майталмандары келді. Поэзияның адам жанына берер ерекше қуаты туралы әсерлі ойларымен бөліскен ақын, жастармен еркін әңгіме өрбітті.