Жамбыл облыстық орталық сайлау комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының және қалалық жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастыруымен жас сайлаушылар форумы өтті. Жиынға әртүрлі салада еңбек етуші жұмысшы жастар, білімгерлер, жастар клубы мүшелері, жергілікті атқарушы органдар мен саяси партиялардың өкілдері қатысты.