Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы «Адал азамат» біртұтас бағдарлама негізінде жүргізіліп келеді. Мұндағы мақсат, мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау.
Бүгін Тараздағы № 3 лицейде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алуға арналған іс шара өтті.