1993 жылдың қазан-қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай шығып,15 қараша күні ұлттық валютамыз – теңге ресми түрде айналымға енді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау сол жылдың 15 қарашасы таңғы сағат 8:00-де басталып, 20 қараша күні кешкі 20:00-де аяқталған. Ұлттық валюта – еліміздің экономикалық тәуелсіздігін айқындаған маңызды қадам болды.