Бүгінде баспана - басты мәселе. Әрине әркімнің өз үйі болғаны маңызды. Халықты баспанамен қамту үшін мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар бар.

Иә, қазір тұрғын үй кезегі күн санап артуда. Аймақта 6573 адам баспана кезегінде тұр. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан сатып алу жұмыстарын жеделдету қажет. Жыл соңына дейін қанша пәтер сатып алынбақ? Бұл туралы бүгін аппараттық кеңесте айтылды.