Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі. Осы мақсатта Жамбыл облысында полиция қызметкерлері кешенді профилактикалық шаралар жүргізуде. Әсіресе, мектеп пен колледждердегі «бейресми көшбасшыларды» анықтау жұмысы күшейтілген. Биылдың өзінде тәртіп бұзуға бейім 207 жас анықталған.