19 Қазан - құтқарушылар күні. Биыл Қазақстанның азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 30 жыл толады. Дәл осы күні өмірін отанға қызмет ету мен адам өмірін құтқаруға арнаған жанның да туған күні. Байзақ ауданы №8 өрт сөндіру бөлімінде қызмет ететін өрт сөндіруші-құтқарушы Сұлтан Мұқатов туралы айтпақпыз.