Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында күй шертіліп, өңірдің танымал айтыскерлері айтысты. Орталықта мәдениет саласының үздігі Есет Досалы «Жақсы адамдармен біргемін» атты шығармашылық кешін өткізді. Қазыналы қариялар ән мен күй тыңдап, шат-шадыман күйге бөленді.