Тұрар Рысқұлов ауданында ауыл шаруашылығы саласы бойынша V Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтуде. Шеберлік байқауына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері ветеринария саласында жануарларды клиникалық зерттеу, дәрі-дәрмек енгізу сынды сынақтан өтсе, агрономдар өз салаларына қатысты бірқатар тапсырмаларды орындады.