Биыл «Қазақ вальсінің королі» атанған сазгер Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл. Осыған орай, елімізде түрлі іс-шаралар легі ұйымдастырылуда. Мәселен, бүгін Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығында облыстық филормония әншілері Шәмшінің әндерін шырқап, ем алушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.